Билік

«Нұр Отан» сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуде

 

 

 

 «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлықпен күресетін үлкен күшке айналды. Халық сеніміне ие болған саяси ұйым жерқорлықтың тамырына балта шабу жолында жаңа бастамаларды қолға алмақшы. Партияның облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Алмолдин осы бағыттар туралы айтып өтті.

Серік Алмолдин,  «Нұр Отан» ХДП СҚОФ жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қоғамдық кеңесінің төрағасы:

 – Жемқорлықпен күресте халықаралық стандарттарды енгізу және заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің біліктіліктерін арттыру, ұжымдық жемқорлықтың алдын алу бағытында жұмыс атқарылады.

Бүгінгі күн мемлекеттік органдарда жариялылықты талап етеді. Тіпті бюджеттік ақпаратты жариялау да ұсынылып отыр. Ал тұрғындардың арыз-шағымдарын электронды түрде қабылдау да жауап алуды жеңілдептек.

Төлеген Төрегелдин,  СҚО бойынша сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:

-Шілденің бірінен қаржы полициясының барлық бөлімшелеріне арыз-өтіністер электронды түрде қабылданып, тіркеледі. Осылайша, арыз бойынша қабылданып жатқан шараларды біліп отыруға болады.  

Облыста жыл басынан сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыс жасаған төрт азамат сотталды. Өткен жылы бизнеске кедергі келтіріп , қызмет бабын асыра пайдаланғандарға қатысты 8 қылмыстық іс қозғалған. Үстіміздегі жылдың бес айында бұл көрсеткіштің біршама өскені байқалады.

Төлеген Төрегелдин,  СҚО бойынша сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:

-Үстіміздегі жылдың 5 айында кәсіпкерлікке заңсыз кедергі келтіру фактісі бойынша 9 қылмыс тіркелді. 5-уі пара алуға, 3-уі қызметті асыра пайдалану, 1-уі қаржы жымқыруға қатысты .

Дөңгелек үстелге қатысқан үкіметтік емес ұйымдар мүшелері бизнесті жүргізу барысында кездесетін мәселелер жайында қаржы полицейлерінен сұрап білді.

Әсем Рахметова