Денсаулық сақтау

Кардиологиялық қызмет сапасы артып келеді

 

 

 

 
Консультациялық- диагностикалық бөлімшеде 2 дәрігер жұмыс істейді. Әрбірі күніне 15-20 азаматты қабылдайды екен. Осындай кеңес беретін мекеме өңірімізде бұрын болмаған.

Азамат Мағзұмов,  кардиологиялық орталықтың бас дәрігері:
– 1 апрельден бастап кардиологиялық орталықта консультациялық -диагностикалық емхана аштық. Онда 1 тамыр хирургы, 1 кардиохирург ауруларды қабылдайды. Өздерінің қабылдайтын уақыттары бар. Қабылдау үшін аудандық сырқаттар өздерінің орталықтағы кардиологтарынан жолдама алып келуі.

Анар Мұстафина жүрегі сыр бере бастағандықтан  облыс орталығына емделуге келген екен. Жамбыл ауданының тұрғыны дәрігерге кіру үшін өз кезегін күтуде.

 Анар Мұстафина:
-Міне жүрегім ауырып, осы 2-ші қалалық ауруханада кеңес беру орталығының ашылғанын естіп, осында келіп отырмын. Міне өзімнің кезегімді күтіп отырмын. Рахмет осындай орталықтың ашылғанына.

Ал Балсейіт Сәрсекеев аудандағы дәрігерлердің жолдамасымен келіпті. Кардиолог науқасты қарап, толық тексерістен өткізді. Әйтеуір, одан қауіпті дерт анықталған жоқ. Енді ол дәрігер жазып берген дәрі-дәрмектерді алып, үйде емделеді.

Балсейіт Сәрсекеев:
– Осыдан 5-6 күн бұрын қан қысымым күрт көтеріліп, аяқ-қолым тартып қалды. Жүрегім дұрыс соқпайтын да кішкене. Сосын осында қалаға жіберді. Ашылғаны онды. Ақша алған жоқ. Бұрын бәріне ақша төлейтін. Қазір бәрі тегін болды. Оңды қарсы алды. 

Солтүстікқазақстандық кардиологтар соңғы 5 жылда жүрек-қан тамыр ауруына шалдыққандардың санын 35 пайызға азайтыпты. Кардиологиялық орталықтың ашылғанына 3 жыл болды. Онда 3 бөлім бар. Біреуі  аудан тұрғындарын қабылдайды.  Бүгінгі күні аталмыш бөлімдерде 100-ге жуық жерлесіміз ем алуда.

Айдана Демесінова