Әр түрлі

Ай тұтылды

 

 

 

 

Айдың бетіне жер көлеңкесі түскен кездегі өзгерістерді облыс орталығындағы обсерваторияға келушілер тамашалады. Астрофизик-ғалымдар ауа райының бұзылып, түннің бұлтты болатынына алаңдағанымен, маусымның 16-да аспан шайдай ашық болды. Үлкен телескоп арқылы жергілікті астрофизиктер сәуле шығару, жалын атуларды, ай бетінде түрлі-түсті дақтар мен ерекше құбылыстарды бақылап, суретке түсірді. Бұл түнде сондай-ақ, романтик жандар да аспан әлеміндегі өзгерістерге тәнті болып, шабыттанып қайтты. Айдың келесі тұтылуы алдағы желтоқсан айында болады деп күтілуде.

 Гүлмира Шоқтыбаева