Құқық қорғау органдары

Зират тонаған ұры қолға түсті

 

 

 

198 метр конструкцияны ұрлаудан келген шығын  300 мың теңгені құраған. Оқиға болған жерге жедел іздестіру тобының қызметкерлері жетті. Жақын маңдағы ауыл тұрғындарынан сұрастыру жұмыстары еш нәтиже бермеді. Полиция капитаны Еркін Махметовтың айтуынша,  зират Уәлиханов ауданындағы Тоспа ауылының жанында орналасқан. Бұл Павлодар облысының маңында болғандықтан, солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары көршілес аймақтағы әріптестерінің көмегіне жүгініпті. Жұмыла іздестіру шаралары барысында зираттың маңынан УАЗ көлігін көргендер табылған. Аз уақыттан соң аталмыш автокөліктің қожайыны да анықталды. Ертіс ауданы Суворово селосының тұрғыны ұрлық жасағандығын мойындап отыр. Күдікті жеке кәсіпкерге ұрланған шарбақтың әр торын мың жарым теңгеден сатып, 148 мың теңгеге жуық табыс түсіріпті.
Қазіргі уақытта қолды болған заттар тәркіленіп, қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.

Инеш Шоқақова