ТЖ

Сегіз адам су құрбаны болды

 

 

Өткен жылы облыс өзен-көлдерінде 54 адам суға кетті. Олардың 12-сі Петропавл қаласының аумағындағы су көздерінің құрбаны болған екен. Қазір де күннің салқындығына қарамастан жағажай маңында суға түсіп жүргендер әрдайым табылады. Сондықтан 3 адамнан тұратын құтқарушылар тобы үнемі жұмыс басында.

 Болат Мұстафин, СҚО ТЖД құтқарушы-сүңгуірі:
-Біздің қызметіміз кезекшілік жасап, алғашқы көмек көрсету. Тек қала маңында, ал облысқа шақырумен  ғана шығамыз.

Жаз мезгілінде солтүстікқазақстандықтар үшін барлық талаптарға сай келетін 38 демалу кешені мен жағажай қызмет көрсетеді. Дегенмен қайғылы жағдайлардың көптігіне қарағанда белгіленбеген жерде шомылып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын азаматтар жеткілікті.

 Сергей Черкасов, СҚО ТЖД құтқару станциясының бастығы:
-Негізінен мас күйде суға түсіп, шамасына қарамай терең жүзетіндер және үлкендердің қарауынсыз қалған балалар суға кетеді. Соңғы рет Долматово селосының тұрғыны Есіл өзенін қиып өтпек болып, ортасына жеткенде батып кетті. Осындай жағдай қайталанбас үшін біз күніне 5 рет моторлы қайықпен өзенді айналып шығамыз.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тағы да ескертеді, судағы қауіпсіздік әркімнің өз қолында.

Кәусар Аяпбергенқызы