Білім

ҰБТ-2011 қорытындысы

Ұлттық бірыңғай тестілеуге биыл 3811 солтүстікқазақстандық  түлек қатысты. Сынақ қорытындысы бойынша жерлестеріміздің жиған орташа ұпайы – 88,24. Жоғары оқу орнына түсу үшін қажетті ұпайсанын ала алмағандардың саны 288.

Балшекер Бақтыбаева, облыстық білім басқармасының бас маманы:
– 109 Алтын белгіге үміткерлердің 70-і  растады. Үздік аттестатқа 118 үміткерден  59-ы растады. Ең жоғары нәтиже көрсеткен   Шал ақын ауданындағы Кривощеков орта мектебінің түлегі Қайырова Айдана  125 балл алған. 

Биыл да қазақ тілінде білім беретін оқу ошақтарының түлектері жақсы көрсеткішке қол жеткізіпті. Олардың  орташа балы – 89,6 .

Балшекер Бақтыбаева, облыстық білім басқармасының бас маманы:
– Мектептердің арасында ең жоғарғы нәтиже көрсеткен   Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия- интернатының оқушылары – 114,75 балл көрсеткен. 2-орында қазақ-түрік лицейінің түлектері. 3-орын М.Жұмабаев атындағы лицей түлектері.

3-орында Қызылжар ауданының түлектері орнықты. Ақжар ауданының оқушылары облыс бойынша ең төмен көрсеткішке ие болды . Жалпы өңірімізде өткен сынақ барысында ереже бұзылуы анықталмапты. Емтиханнан кейінгі күні техникалық олқылықтар бойынша 11 шәкірт апелляцияға берсе, сұрақтың мазмұнына байланысты 29 түлек шағымданыпты. Солардың 20-сының талабы қанағаттандырылды.

Айдана Демесінова