Жаңа банкнота

Әр түрлі

14:54 14 Маусым 2011

1000 теңгелік жаңа банкнота айналымға осы жылдың   мамырдың 25-де берілді. Таралымы 10 миллион дана. Ол ақша Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуіне байланысты шығарылған. Сондықтан банкнота мұсылман жамағаты үшін аса қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің суретімен безендірілген.

Адай Баймұқанов,  “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚОФ бас маманы:
– Бұл банкнотаның дәл ортасында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезі орналасқан. Қасында айтылған ұйымның логотипі, жоғарырақ мемлекеттік нышандар орналастырылған. Төменге қарай 1000 теңге цифрлық суреті бейнеленген.

Ислам Конференциясы Ұйымы 1969 жылы құрылған. Бүгінгі таңда Ислам Конференциясы БҰҰ-нан кейінгі ең ірі халықаралық ұйым болып саналады. Оның мақсаты халықаралық достықты,  саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қарым-қатынасты нығайту. Қазақстан үшін осындай ұйымға төрағалық ету тарихи оқиға. Ал Ұлттық банк қызметкерлері мұндай маңызды кезеңдер банкнот бетінен көрініс табуы керек дейді.

Адай Баймұқанов,  “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚОФ бас маманы:
-ҚР ең елеулі, маңызды тарихи оқиға болып жатса, соған орай өзіміздің банкнотымызды, монетамызды жасаймыз. Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуімізге орай Ұлттық Банк осындай банкнота шығарды.

Мұның алдында номиналдық құны 1000 теңге болатын тағы бір банкнота айналымға шыққан болатын. Ол еліміздің ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне арналған еді.

 
Гүлден Сәрсенбаева

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Су айдындарына шабақтар жіберілуде
Бүгін М.Жұмабаевтің дүниеге келгеніне – 127 жыл
Дәрі-дәрмек құнын негізсіз көтерген саудагерлер жазаланады
Серіктестік басшысы жұмысшыларына баспана кілтін табыс етті
Өңірімізде ресейлік цирк 8 айдан бері тұрақтап тұр
Петропавлда тротуарлар жөнделіп жатыр
Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункт қалыпқа келтірілуде
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өсті
Шілде де тұрғындар 10 күн демалады
Алиментті өндіріп алу шаралары қатаңдатылды