Құқық қорғау органдары

Кеденде қонақта

 

 

 

Геттор деп аталған неміс овчаркасынан есірткі затын жасыру мүмкін емес. Иісшіл ит улы затты кез келген уақытта және қай жерге тықсаң да тауып алады екен. Кедергілері бар жолды да оңай өтеді. Гектор осымен 14 жыл бойы кинолог Петр Вороновтың сенімді серігіне айналған. Бірлесіп талай қылмыстың бетін ашыпты.

Петр Воронов, СҚО кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының кинологы:
Гектордың тілін табу оңай емес. Танымайтын адаммен жатсынып жұмыс істемей қояды. Бұнысын сенімді дос деп танимын. Өйткені екеуіміз ұзақ жыл бойы осы салада қызмет етеміз. Екеуміз ғана бір-бірімізді жақсы түсінеміз.  

Илларион Ефремов бұл жауапты қызметке енді ғана тұрыпты. Мамандығының қыр-сырын меңгеруде төрт аяқты тәжірибелі серігі Сем атты  спаниелдің көмегі зор болғанын айтады.

Илларион Ефремов, СҚО кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының кинологы:
Ол қай уақытта болсын қызметіне кірісуге дайын. Міне қазірдің өзінде айналасын иіскеп бірдемені іздеп жүр.

Бүгінде кедендік бақылау департаментінің кинология бөлімінде 18 маман мен 20 иісшіл ит бар. Соңғы екі жылдың ішінде олардың бірлескен жұмыстарының нәтижесінде заңсыз айналымнан 220 келіден астам түрлі есірткі затын тәркіленген екен, оның 80 келісі героин.  Бүгін өңір кинологтарының қонақтары -облыстық жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мектеп-интернатынның тәрбиеленушілері. Міне осымен 10 жыл бойы кеденшілер “Ақылдылар” отбасын өз қамқорлығына алған. Бүгінгі саяхатты құзырлы органның қызметкерлері облыс әкімі жариялаған “20 игі іс” акциясы аясында жасап отыр. Қызықты кездесу жеткіншектердің көңілдерінен шықты.

 Балалар:

-Бәрі өтте қызықты өтті. Мен бізде мұндай иттердің барын білмеппін де. Кинода ғана болады деп ойладым.
– Бүгінгі саяхат маған өтте ұнады.
Мен де өскенде кинолог болғым келеді. Өйткені иттерді жақсы көремін.  

Кездесуді кеденшілер есірткінің зияны жөнінде танымдық дәріспен аяқтады.

Жеңіс Ермұқанов