Білім

Ағылшын тілі лагері

 

 

 

 

Әл-Фараби мектеп лицейіндегі жазғы ағылшын тілі лагері осыдан 3 жыл бұрын ашылған болатын. Мұнда оқушылар мен мұғалімдердің тек ағылшын тілінде сөйлесуі шарт. Жеткіншектер бұл талапты еш қиындықсыз орындапты. Оқушылардың шет тілін жетік меңгеруі – ұстаздардың күнделікті еңбегінің жемісі. Мектеп-лицей мұғалімдерінің ерте жастан ағылшын тілін оқытуға арналған жобалары республикалық семинарларда да жоғары бағаға лайық деп танылуда.

Толқын Рахимова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:
– Мен 7 сыныптың “”Ағылшын тілінде сөйлеу” деген сабақтың жоспарын ғылыми тілде оқушыларыммен бірге жазып жібердік.  Ғылыми жұмыс ретінде бірінші болжам болды. Сосын ол болжамның іске асуын оқушыларым өздері ұсынды.

Шет тілін оқытудың жаңа бағыт-бағдарын жасау мәселесі жас мамандар тарапынан да қолдау тапты. Әсел Ақтанованың “Талантты оқушыға – дарынды ұстаз” байқауында қорғаған жобасы 3-ші орынға ие болды.

Әсел Ақтанова,  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
-Біз тәуелсіздік алғаннан бері шетелдермен тығыз қарым-қатынастамыз. Ағылшын тілі бізде өте маңызды.  Оның қолданыс аясы өте кең және оқущылардың болашағына үлкен септігін тигізеді.

Ұстаздардың құрастырған жобалары оқушыларға ағылшын тілін оқыту барысында таптырмас құрал болмақ. Жазғы демалыс лагерін ұйымдастыру да бүлдіршіндердің шет тіліне деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Жалғас Жанатов:
Маған осы ағылшын лагерінде өте ұнады. Өйткені біз осында көп ойнаймыз, сурет саламыз, әртүрлі жобаларға қатыстық.
Милана Іңкәрбаева
:

Мен осы лагерьге 3 жыл қатысып отырмын. Маған өте ұнайды.  

Инеш Шоқақова