Әр түрлі

Ұлтаралық келісім – мемлекеттік саясаттың негізі

 

 

 

 

Жиын барысында өңір басшысы меймандарға еліміздегі діни қатынастарды реттеу бағытындағы салиқалы саясат жайлы ақпарат берді. Қазақ елінің бірегейлігі- оның көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет болуында. Қазіргі уақытта республикада 100-ден астам этнос пен 40-тан аса дін өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Мемлекеттік саясаттың негізін қоғамдағы тұрақтылық пен адамзат құндылықтарының мызғымас кепілі құраған. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында 260 діни ұйым жұмыс істесе, оның 5-еуі евангелие-лютерандық бағытты ұстанушылардікі. Серік Біләлов облыстың атқарушы органдары мен діни бірлестіктері алдағы уақытта әріптестік қарым-қатынастарын нығайта түседі деген сенім білдірді.

Гүлмира Шоқтыбаева