ТКШ

Қоқысты да іске жаратуға болады

 

 

 

Тұрмыстық қалдықтарды бөліп шығаруды әзірге 13 бизнесмен ғана қолға алып отыр. Олардың нүктелері «Березка» дүкенінің маңында орналасқан. Абай және Мағжан Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы қоқыс орнында қағаз арнайы бір пакетке немесе контейнерге түседі, ал пластмасса ыдыстары басқасына салынады. Қоқыс сыртқа аптасына екі рет шығарылады. Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар болашақта үлкен нәтиже бермек.

 Лариса Пономарёва, “Мюльсервис” ЖШС бас экономисі:
– Қалдықтарды қоқысқа бөліп салсаңыздар, экологиялық жағдай дұрысталады. Бастысы қалтамызға да тиімді. Көптеген елдер қалдықты қайта өндіріп шығарады екен. Тауарда оның арнайы белгісі де бар. Бұл ресурстарды үнемдеуге, соның нәтижесінде өнімнің құнын да өсірмеуге жақсы. Неге бізге де басқалардың тәжірбиесін қолданбасқа?

 Гүлден Сәрсенбаева