Билік

Мемлекеттік тілден сынақ

 

 

 

 

Бүгін облыс әкімінің мемлекеттік тілді оқыту орталығына өңірлік ведомстволар басшылары  мен олардың орынбасарлары келген. Олар арнайы курстарда алған білімдерін сарапқа салды. Тегін оқыту бағдарламасы өткен жылдың қазанынан мамыр айына дейін 68 топта жүргізілген еді. Тест тапсыру барысын өңір басшысы Серік Біләловтың өзі бақылады. Емтихан комиссиясының төрағасы Кемел Оспановтың айтуынша, биыл мемлекеттік қызметшілердің білімі  өткен жылмен салыстырғанда өте жақсы .

Кемел Оспанов, сынақ комиссиясының төрағасы, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы:
– Барлық   қатысып жатқан аудан  әкімдерінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер бастықтарының барлығы жақсы деңгейде тапсырды. Ең аз деген балл 72-76, ең жоғарысы 96-98. Білім және ғылым министрлігі бекіткен “ҚазТест” жүйесі бойынша өтті.

 Гүлден Сәрсенбаева