ТКШ

Қаланы көркейту шаралары

 

Гүл вазаларын орнату жұмыстары Жамбыл көшесінен басталды. Тұғырлы вазалар жергілікті кәсіпорындардың бірінде жасалып жатыр. Бетон гүл себеттері бірнеше көшеге қойылмақшы.

Андрей Попов, Петропавл қалалық құрылыс және сәулет бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

 -Петропавлды көркейту барысында шағын архитектуралық мүсіндер мен формаларға көңіл бөліп отырмыз. Вазалар Жамбыл, Букетов көшелерінен орын алмақ.

Вазаның үш түрі қойылады деп жоспарланып отыр. Тұғырлы биіктері, көлік дөңгелегі сынды төмен әрі кеңдері бар. Вазаларды бояу да қолға алынбақшы. Ең бастысы бетон құрылғылар қаскөйлердің қолынан зардап шекпесе болғаны. Жергілікті әкімдік мамандары қала көркіне нұқсан келтіретін дүкен-кеңсе басшыларымен де күресті бастаған. Әр мекеме- дүкен иесі қасбеттің талапқа сай, қала сиқын бұзбайтын, ал баспалдақтың адам өмірі үшін қауіпсіз болуын қадағалауы керек. Бүгінде қалалық әкімдік өкілдері бұл талаптарды орындаушылар мен ескерту алғандардың тізімдерін жасап жатыр.

Андрей Попов, Петропавл қалалық құрылыс және сәулет бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

– Дүкендердің қасбеттерінің қала көркіне қосар үлесі өте мол. Бірақ біраз дүкен иелері бұл талаптарды орындамай отыр. Мәселен «Тамерлан» дәмханасының, «Территория» ойын залының иелері ескерту қағаздарды алудың өзінен бас тартты. Олар аумақтарын көркейту ісіне кірісетін емес.

Бір өкініштісі қаланы көркейтеміз дегендердің талаптарына қаскөйлер қарсылық көрсетіп бағуда. Көшеге қоқыс лақтырушылардың қатары азайған жоқ, соңғы кездері мүсіндік композициялардың ,автобус аялдамаларының жаулары көбейген. Сұлулыққа қарсылық, көркем дүниені жоюға талпыныс тұрғындар арасында үлкен наразылық тудырады.

 

Тұрғындар:
-Конституция көшесіндегі мүсіндерге өткен-кеткен сайын сүйсінетінмін.
Ақыры сындырып тынды. Сондықтан жастармен тәрбие жұмысын жүргізу керек.
йрету керек, өз отанын сүймейтін адам жоқ қой.
Жастарды балабақшадан, мектептен тәрбиелеу керек. Өйткені оларда бұзықтық басым. Құқық қорғаушылар тәртіпті күшейткені дұрыс.

Жыл өткен сайын Петропавлда шағын бақтар мен адамдар демалатын алаңқайлардың қатары көбейіп келеді. Осы орындарды таза ұстау, сақтау тұрғындардың міндеті.

Әсем Рахметова