Спорт

Жеңілатлеттер жеңісі

 

 

 

 

 

Гуанчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Маргарита Мацко  үш бірдей алтын медальға ие болды. Спортшы 800 метр қашықтықты алғашқылардың бірі болып бағындырған. Сонымен қатар тағы бір солтүстікқазақстандық спортшы Евгений Эктов 3 мәрте секіруден қоланы еншілеген. Қазақстанның басқа жеңілатлеттері – Мария Масленко мен Наталья Ивонинская екі алтын мен бір күміс алқаны қанжығаларына байлаған. Екінші, үшінші орындар Анастасия Супрунова, Анна Устинова мен Константин Сафроновқа бұйырды.

Гүлден Сәрсенбаева