Мәдениет

Цирк келді

Бүгін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балалары Шымкент қаласынан келген «Ринго» атты татар циркінің өнерін тамашалады. Ең алдымен Шрек аға деп аталған кейіпкер шығып, сан алуан сиқырларымен балақайларды таң қалдырды.
Әрі

 

қарай балдырғандар мың бұралған бойжеткеннің жаттығуларына тәнті болды. Эльмира Рахымжанова балалық шағынан гимнастикамен айналысып жүр екен. Бүгінде өзімнің өнерімді бөбектерге көрсету арқылы оларға қуаныш сыйлау мен үшін бақыт дейді.

Эльмира Рахымжанова, «RinGo» татар циркінің актрисасы , Шымкент қаласы:
– Балалардың жүздеріне күлкі әкеліп, сәл де болса бақыт сыйлағанымыз қуантады. Біздің шеберлігіміз үлгі болып, олар да өнерге бет бұрса жақсы болар еді. Біз балдырғандарды қуанту үшін жұмыс істейміз.

Цирк бағдарламасы кішкентай көрермендердің жүрегіне жол тапты.

Балалар:
-Маған гимнаст ұнады. Мен де сондай болғым келеді.
Маған Шрек ұнады. Өйткені ол өте әдемі биледі.

Орталық шәкірттері ғана емес, сондай-ақ мекеме ұжымы да тосын сыйға қуанып қалды.

Арман Басыбаев, “СҚО кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы” ММ директоры:
– 20 жақсы шаралардың аясында бүгін цирктің әртістерін әкеліп  жақсы концерт қойды біздің балаларға.
Осындай шаралар біздің балаларға керек деп ойлаймын.

Кейін мәдениет басқармасының бастығы Талғат Ақылбековтың шақыруымен келген шымкенттік қонақтар кей сиқырларының сырын ашты.

Айдана Демесінова