Kurultai banner mobile

Ауыл шаруашылығы

Облыста егіс науқаны аяқталуға жақын

 

 

 

 

Есіл ауданының диқандары өздеріне тиесілі алқаптың 98,7 пайызын игеріп, көш бастап келеді. Бұдан кейін Тимирязев ауданы. Шал ақын ауданындағы агроқұрылымдар науқанды орталапты. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары сейсенбіден бастап, Ғабит Мүсірепов ауданынан шалақындықтарға көмекке  12 егіс кешені келеді деп отыр. Олар танап басындағы шаруаны уақтылы аяқтауға септеспек. Облыста майлы дақылдарды салу, картоп отырғызу жұмыстары аяқталды. Қазір мал азығына қажетті біржылдық шөп егу жұмыстары қарқын алған. Ағымдағы жылы біржылдық шөп 27,7 мың гектар алқапта отырғызылады. Жұмыс маусымның онына дейін жалғаспақ. Сондай-ақ жерге 11 мың 427 минералды тыңайтқыш сіңірілді.

Дана Ғизатова