Этнофестиваль

Мәдениет

13:51 6 Маусым 2011

 
Алдымен сахнаға Аққайың, Жамбыл және Қызылжар аудандық этномәдени орталықтардың өкілдері шыққан. Байқау тапсырмасы бойынша қатысушылар  өз ауданының тәуелсіздік жылдары қандай жетістікке қол жеткізгенін көрсетуі керек. Жамбылдықтар тарихты түрлі ұлттың әндері арқылы жеткізді.

Шарипа Жетпісбаева, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы казак мәдени орталығының жетекшісі:
– Біздің Пресновкада 7 орталық . Сол 7 орталықтан  3 келді. Казак өлеңі ана, отан, өмір туралы. Осындай өлеңдерді әкеп тұрмыз.

Қызылжар ауданында 40-қа жуық ұлт өкілі тұрады екен. Сондықтан олардың фотосуреттер көрмесі бай.

 Күләш Естанова, Қызылжар ауданының “Славянка” орыс этномәдени орталығының қызметкері:
– Біз бүгін қазақ халқының әдет-ғұрпын насихаттаймыз. Дәстүрін көрсетеміз. Және ауданда 8 мәдени орталық фотосуреттерін көрсетуге әкелдік.

Аққайыңдықтар қазақ, украин, орыс халықтарын біріктіріп, үйлену тойын көрсетті.

Сейітжан Тестеміров, Аққайың аудандық мәдениет үйінің қызметкері:
– Үйлену тойын көрсетеміз.
Яғни, құдаларды қарсы алу, келіннің бетін ашу дәстүрлері бойынша. Жігіт орыс. Ол қазақ қызын алады. Келген құдалар орыс, украин аралас.

Кез келген ұлттың мәдениеті оның қолданбалы қолөнерінен-ақ танылады. Екінші қабатта әр ауданның ең үздік бұйымдары қойылған көрме өтті. Мәселен, жамбылдықтар жерлестері С. Мұқановтың рельефті портретін жасапты.   Байқау ойдағыдай басталды. Келесі сенбіде Есіл, Ақжар, Мағжан Жұмабаев аудандарының этномәдени орталықтары өнер көрсетеді.

Гүлден Сәрсенбаева


Бұдан әрі оқыңыз

Әлем таныған Абай
Домбыра – асыл мұра
әл-Фарабидің тағылымына арналған онлайн жиын өтті
Облыстық қуаршақ театрында жөндеу жұмыстары жүргізілуде
“Қасиетті Қазақстан” жинағының 4-ші тобы жарық көрмек
“Тарт домбыра” облыстық байқауы өтуде
“Ел жүрегі-Нұрсұлтан” атты фотокөрме қанат жайды
Облыстық кітапханада Ұлттық Домбыра күніне орай іс-шара өтті
“Бұлбұлдар түні” қойылымы сахналанды
26 жастағы солтүстікқазақстандық қысқа метражды фильм түсірді