Әскери институттың курсанттары мемлекеттік рәміздер күніне қызу дайындалып жатыр. Олар 4-ші маусым күні мерекені Әнұранмен ашпақ. Оркестр де топты сүйемелдеуге сақадай-сай. Жалпы әскери оркестрдің құрамындағы 31 адам соқпалы және үрлемелі аспаптарды 14 жыл шебер үндестіріп жүр. Қанат Мейірманов әскери институттың жанынан шығармашылық ұжым құрылған алғашқы күннен қызмет етеді екен.
Қанат Мейірманов, ҚР ІІМ ІӘ әскери институтынның әскери оркестрінің концертмейстері:
– Осы оркестрде 1997 жылдан қызмет етемін. Репертуарымызда негізінен әскери-патриоттық әндер. Біз облысымыздағы іс-шаралардан шет қалмаймыз. Сондықтан біздің әскери оркестрдің жастарды, курсантарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы зор.
Жалпы оркестордің репертуарында 500-ден арық әскери-патриоттық әндер бар екен. Биыл оркестр Энгельс Романовтың жырларына әуен жазып “Отан алдында адалдығымызды сақтаймыз» атты жинақ шығарыпты. Қазір бұл кітапша еліміздің барлық ішкі әскері бөлімшелерінің сарбаздарын елжандылыққа тәрбиелеуде әдістемелік құрал ретінде қолданылады. Сондай-ақ шығармашылық ұжым Тәулсіздіктің 20 жылдығына арналған жинақ әзірлеуде. Кітапша ҚР Конституциясы күнінде жарыққа шығады деп күтілуде.
Жеңіс Ермұқанов