“Тәуелсіз Қазақстанның асқақ рәміздері “

Әр түрлі

5:05 4 Маусым 2011

 
Егеменді еліміздің Әнұраны ойнағанда әр азаматтың бойында айырықша асқақ сезім пайда болады. Өзгеше болуы да мүмкін емес. Өйткені Ту, Елтаңба, Әнұран – тәуелсіз еліміздің айнымас нышандары. Халқымыздың рухын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін баға жетпес құндылықтар. Көк аспан түсті Туы­мызды, айбынды Елтаңбамызды, асқақ Әнұранымызды құрметтеп, қастерлеу – еліміздің әр азаматының парызы. Отанға деген ыстық ықылас мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуден бастау алады. Сондықтан жас ұрпаққа егеменді еліміз үшін мемлекеттік нышандардың маңызын жеткізудің мәні зор дейді кітапханашылар. Әр­бір азаматтың жүрегінде Ота­нына деген сүйіспеншілікті, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуда мемлекеттік рәміздердің маңызы айырықша деген пікірде жиналғандар. Сондықтан Ту, Елтаңба, Әнұранға деген халықтың құрметін қалып­тас­тыру, бұған өскелең ұрпақты баулу – басты мақсатымыз болуы тиіс.

Айымгүл Әбілева

Бұдан әрі оқыңыз

Қалада тағы бір “Шығыс кілемдер” салоны ашылды
Қазақстандықтар желтоқсанда 12 күн демалады