Денсаулық сақтау

Петропавлдық хирургтер күрделі оталар жасауда

 

 

 

 
Жамбас буынын протездеу отасын 16 жылдық тәжірибесі бар білікті хирург Талғат Сағымбаев жасап жатыр. Дәл осы операцияны қажет еткен бұл 19-науқас. Күрделі ота 4 сағатқа созылады.

 Талғат Сағымбаев, №3 қалалық аурухананың травматология бөлімшесінің хирург дәрігері:
– Бұл отадан соң науқас 10-12 күн ішінде үйіне қайтып, емді түрлі жаттығулар түрінде жалғастырады. Кейін қалыпты өмірге араласып кетеді. Мұндай отаны жасау үшін мен республикалық травмотология және  ортопедия ғылыми-зерттеу орталығында оқыдым және Ресейдің Краснодар қаласындағы ауруханада тәжірибемді жетілдірдім. Әрине, алдағы уақытта да білімімді толықтыра түсемін.

Аурухананың жарақат бөлімшесінде қазір 80 адам емделіп жатыр. Солардың үшеуіне жамбас буынын протезбен алмастыру қажет болды. Олег Гулецкий 9 ай күткен отадан аман өтіп, келесі күні-ақ палатаға ауысты. Қазіргі жағдайы жаман емес.

  Олег Гулецкий:
ен былтырғы күзде жол апатына түсіп, операцияға өз кезегімді күттім. Хирург телефон соғып өзі шақыртты. Жаңа ғана реанимациядан шықтым. Сәл ауырады, бірақ енді жақында бұрынғыдай жүріп кетемін деген сенімім мол.

Ал оның палаталас көршісі Владимир Конинның 1 жарым жыл бұрын жамбас сүйегі бұзыла бастаған. Облыстағы жалғыз жарақат бөлімшесінің тізіміне желтоқсан айынан бастап алыныпты. Қазір ол ертеңгі отасына дайындалып жүр.

  Владимир Конин:
енің буыныма келетін протез болмады. Сондықтан көп күттім. Астанаға баруды ұсынды. Бірақ мен өз үйімнің қабырғасы көмектесер деп осында қалдым. Қобалжу бар әрине, бірақ қуаныштымын.

Науқастардың ұзақ кезек күтіп қалу себебі ота облыс қаржысының есебінен жасалады. Ал бір протездің құны 5 мың АҚШ доллары. Қазіргі күні жамбас буынын ауыстыру үшін 50-ге жуық солтүстікқазақстандық өз кезегін күтуде.

 Кәусар Аяпбергенқызы