Әр түрлі

Маусымдағы ауа райы

 

 

 

Маусым айы биыл толассыз жаңбырмен басталды. Синоптиктер құбылыс айдың үш онкүндігінде де байқалуы мүмкін деп болжауда. Ал ауаның орташа температурасы +20 градустан аспауы мүмкін. Алғашқы онкүндікте күндіз 15-23 градус жылы болса, кешке +8-13 болады деп күтілуде.

 Гүлзат Ғазизова, СҚ гидрометеорология орталығынң метеопрогноз бөлімінің бастығы:
– Екінші онкүндікте кешке 12-22 градус жылы.
Ал соңында 8-18 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 18-28 градус жылы.

Солтүстікқазақстандықтар жылы күннің шуағына тек айдың соңында ғана бөленбек. Күндіз ауа температурасы 30-35 градусқа дейін жылынады. Кештің өзінде +18-23 болады. Мамандар биылғы жаз көкорайға бай болатынын айтады. Себебі жаңбыр күткен мөлшерден артық жауып, топырақты біраз сумен қанықтырмақ. Сондықтан қолшатырыңызды жаныңыздан тастамағаныңыз дұрыс.   Тарихи деректер бойынша жаздың ең суық күні 1938 жылы маусымның 10-ы күні тіркелген. Сол уақытта термометр көрсеткіші  0-ден төмен түскен.

 Гүлден Сәрсенбаева