Билік

Әкімдер ант берді

ҚР Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында лауазымды қызметке жаңадан тағайындалған аудан әкімдері салтанатты түрде ант қабылдады. Бұл жолы отан алдында адал болып, еліміздің дамуына аянбай еңбек етеміз деп Уәлиханов, Қызылжар және Айыртау аудандарының әкімдері сөз берді. Облыс әкімі Серік Біләлов аудандар басшыларын өз қызметтеріне ресми түрде кірісулерімен құттықтап, сәттілік тіледі.

 Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
– Құрметті әріптестер, шын жүректен құттықтаймын. Жанды салып, жақсы адал жұмыс істеп біздің мемлекетімізге, Елбасының сенімін ақтайтындарыңа сенімдімін.

Салтанатты рәсімнен соң ант қабылдаған мемлекеттік қызметшілер аймақ басшысымен естелік суретке түсті.

Жеңіс Ермұқанов