Көлік және жолдар

Кеденнен көлік өткізу жеңілдігі ұзартылмайды

 

 

 

 

Осылайша елге енгізілетін көліктерге Кеден Одағы аясындағы тариф қолданылады. Бұған дейін көлік қымбаттайды деген болжам енді бір айда нақты фактіге айналмақ. Мәселен, бұған дейін көлік қозғалтқышының көлемі бойынша бір текше сантиметрге кеден тарифі 0,35, -0,6 еуро болатын. Ендігі уақытта 1 текше сантиметр 3- 6 еуроны құрайды.

 Наталья Белокопытова, СҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің басқарма бастығы:

– Зауыттан бес жыл бұрын шыққан қозғалтқышының көлемі 1500 мың текше сантиметрді құрайтын көлікті ел аумағына кіргізу үшін бір текше сантиметрге 5,7 еуро төлеу керек. Яғни, ендігі уақытта бұндай көліктің кедендік тарифі  9 – 17 мың еуроны құрайды.  

Әсем Рахметова