Білім

СҚМУ-де мемлекеттік аралық бақылау аяқталды

 

 

 

Мемлекеттік аралық бақылаудан биыл М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 1 351 студенті өтті. Бұл таңдаған мамандығы бойынша екінші курсты тәмамдаған студенттердің 97, 5 пайызы. Тестілеуге  талапқа сәйкес тек дизайнерлер тобы мен жеделдетілген оқу бағдарламасы бойынша білім алып  жатқан студенттер қатыспапты. ЖОО өзге 44 мамандығын таңдағандар сынақ тапсырды.

Оңдасын Әшімов,  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:
– 2-ші курс студенттері 5 пәннен емтихан тапсырды. Оның ішінде 3 пән барлық студенттерге бірдей: философия, информатика, шет тілі. Ал қалған екі пән мамандыққа байланысты.  

Сынаққа алғашқы 2 курстың оқу бағдарламасынан 125 сұрақ кірді. Осы аралықта алған білімдерін растап емтиханнан сүрінбей өту үшін берілген сұрақтардың кемінде 50-не дұрыс жауап беру керек болды. Бұл талапты тек бір студент орындай алмапты. Апелляциялық комиссия оған берілген тапсырмалардың орынды болғанын анықтады. Десе де межені бағындыра алмаған студент оқуын еш кедергісіз жалғастыра алады, өйткені бақылау емтиханы тек университеттің жалпы білім деңгейін тексеруге арналған.

Оңдасын Әшімов,  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:
– Биыл 86 % болса орташа балл, өткен жылы 80% болды. Биыл 1 бала бере алмады,былтыр 8 бала емтиханнан өте алмады. Бұның бәрі балаларға беріліп жатқан білімнің жоғарылап келе жатқан
ының белгісі деп білеміз. Сондықтан біз биылғы емтихан қорытындысына ризамыз.  

Орта есеппен ең жоғары – 97 ұпайды ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері жинапты. “Информатика” мамандығының студенті Сергей Дивисин 117 сұрақтың жауабын дұрыс тапқан екен. Ал ең төменгі 77,1 баллды сазды- педагогика факультетіннің студенттері көрсетті. Өткен жылы мемлекеттік бақылаудың қорытындысы бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ еліміздің үздік деген 5 жоғарғы оқу орнының қатарына еніпті. Биылғы нәтиже әлі шықпаған. Университет ректоры көш басшылардың қатарында болатынына сенімді.

 Жеңіс Ермұқанов