Балалар

Мереке күнгі сыйлықтар

 

Мұндағы бүлдіршіндер үшін мереке күндері қонақ күту жақсы дәстүрге айналған. Оларға жиі келіп, қуаныш сыйлап тұратын меймандардың бірі – энергетиктер. Бүгінгі балалардың жайдары мерекесін де олар естен шығармапты.

Виктор Бармин, «СевКазЭнерго» АҚ директоры:
-Балалар, сендерді осындай жарқын, көңілді мейрамдарыңмен шын жүректен құттықтаймыз. Оқуда алда, өмірде ойлаған армандарыңа жетіңдер, елдің елеулі азаматы болып өсіңдер.

Әдеттегідей қадірлі қонақтар құр қол емес. Әр оқушыға бүгіндегі өте қажет оқу құралы – флешкадан бұйырды. Ал олардың тату жанұяларына теледидар мен DVD тарту етілді. Өздеріне аса қажет болған мұндай тартуларға балалар өте риза болды.

Назим Никифоров,  жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі:
– Біздің өмірімізге қуаныш сыйлап, өзімізге тірек болып жүрген сіздердің ұжымдарыңызға алғысымыз шексіз. Отбасымыздың атынан көп рақмет айтамын.


Мамыр айында туған күндерін атап өткен Аня мен Маргарита үшін бүгінгі мереке тіптен ерекше. Оларға бүгін құттықтау тілектер мен сыйлықтар екі есе көп тиді.

 Анна Петрушевская:
-Бізге қамқор осындай жандардың барына өте қуаныштымын. Өзімнің достарымды, бауырларымды жақсы көремін. Бәріңе де рақмет.
Маргарита Герасимова:
-Менің туған күнім мамырдың 16-сы болды. Көп уақыт өтсе де, ұмытпай бүгін құттықтай келген сіздерге және отбасымның мүшелеріне рақмет.

№ 5 отбасының 16 кішкентай мүшесі бар. Халықаралық балаларды қорғау күнінде олар ерекше мерекелік дастарқан басына жиналды.

 
 Кәусар Аяпбергенқызы