Билік

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия отырысы

 

 

 

 
Ту, Елтаңба, Әнұран – тәуелсіз еліміздің мемлекеттік  нышандары. Бірақ әлі күнге дейін өңірімізде мемлекеттік рәміздердің қолданылуына қатысты заң талаптары толыққанды орындалмай отыр. Тексеріс нәтижесінде  бірқатар олқылықтар анықталған. Жаңа талаптарға сай келмейтін мемлекеттік нышандардың орнатылуы көп кездеседі. Кей аудандарда түнгі уақытта рәміздердің жарықтандырылуы қарастырылмаған. Бірқатар аудандарда атқарушы мемлекеттік органдардың бірінші жетекшілерінің кабинеттерінде мемлекеттік рәміздер жоқтың қасы.

 Фархад Қуанғанов, облыс әкімінің орынбасары:
-Мемлекеттік рәміздерге деген бұндай көзқарас болмауы тиіс. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер тарапынан кемшіліктерге жол берілмеуі керек. Барлық аудандарда бірдей олқылықтар бар. Бұл тиісті жұмыстардың жүргізілмей жатқанын көрсетеді.

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қадағалайтын аудандық комиссиялардың жұмысында да олқылықтар бар. Кей аудандарда үстіміздегі жылы комиссия отырысы мүлде өткізілмеген. Анықталған кемшіліктер екі аптаның ішінде жойылуы тиіс. Кемшіліктер жойылмаған жағдайда мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

Айымгүл Әбілева