Денсаулық сақтау

Емханадағы ашық есік күні

 

 

 

Бүгін қалалық балалар емханасына келушілердің қатары қалың. Өйткені ақ халатты абзал жандар маусымның 1-і болатын Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне арнап ашық есік күнін ұйымдастырыпты.

Қорлығайын Шайгузова, қалалық балалар емханасының учаскелік медбикесі:
– Балаларды қорғау күніне бүгін біздің емханамыз жұмыс істеп жатыр, бүкіл мамандар. Балалар бүгін өте көп.  

Балдырғандарды мультфильм кейіпкерлері қарсы алып, тегін гематоген таратты. Сондай-ақ бүлдіршіндер бұл күні сүт тағамдарының да дәмін татты. Ашық есік күнінде бөбектер хирург, көз және жүйке ауруларын емдеуші дәрігерлердің, логопед, эндокринолог, психолог мамандардың кеңесіне жүгінді. Клавдия Моложенко 3 жасар немересі Никитаны әкеліпті.

 Клавдия Моложенко:
 -Акцияның өтіп жатқаны жақсы болды.
Ашық есік күнін жариялапты. Сүт тағамдарын берді. Өте дәмді. Бірқатар дәрігерлердің кеңесін алдық.

Бұл күні қалалық балалар емханасына 200 бүлдіршін денсаулығын тексеруге келіпті. Тосын сыйға балалар да, ата-аналар да разы болды.

 – Маған сүт ұнады. Ол өте дәмді әрі денсаулыққа пайдалы.
Бүгін балам түрлі ойындарға қатысты. Ұйымдастырушыларға деген алғысымыз көп. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылып отырса екен
– Маған гематоген берді,  ол тәтті.

Айдана Демесінова