ТЖ

Маусымның 1-нен қалалық жағажайда суға түсу маусымы ашылады

 

 

 

 

Маусымның 1-нен Есіл өзені мен  Пестрое көліндегі жағажайлар жұмысын бастайды. Жаздың жайдары күнінде ыстығын суға шомылып басамын дегендер сағат таңғы 11-ден кешкі 9-ға дейін бос уақытын арнайы жағажайларда өткізе алады.

Болат Мұстанов, құтқарушы:
– Құтқарушылар дайын, техника дайын. Ішімдік ішуге, шыны бөтелкелерді алып келуге рұқсат етілмейді. Кішкентай балаларға ата-аналары қарау керек.  

Өткен жазда 58 адам суға кетіпті. Оның 8-і ата-ана қарауынсыз су жағалаған жасөспірімдер. Құтқарушылар 70 адамды өлім аузынан аман алып шыққан екен. Жапа шеккендердің көбі араққа тойып алып, белгіленбеген жерлерде малтыған. Ал арнайы жағажайларда бір дебір қайғылы оқиға тіркелмепті. Ондағылардың қауіпсіздігін құтқарушы мен тәртіп сақшылары қадағалайды.

Болат Мұстанов, құтқарушы:
-Біз жаттығып дайындалдық. Су тазартылды. Көмекке келуге 100 пайыз дайынбыз. Сонда да әр адамның сақтығы өз қолында екенін ұмытпаған жөн. Белгіленбеген жерлерде суға түсуге тыйым салынады. Ішімдік ішпеген абзал. Балаларды үлкендердің қарауынсыз жібермеу керек.  

31 құтқарушынның 17-сі гидрокостюмдермен толықтай қамтылған сүңгуірші. Биылғы маусымға 1 катер, 8 моторлы, 20 желкенді қайық сақадай сай.

 Жеңіс Ермұқанов