Балалар

Балалар күні қарсаңындағы мерекелік концерт

  

 

 

“Асыл Ана” қоғамының құрамында 76 мүгедек ана бар. Теңдік Сәрсекеева жетекшілік ететін ұйым мүгедек аналардың балаларына да қамқорлық жасап, қанатының астына алған. Бүгінде бірлестікте 42 оқушы мен 22 і студент тіркелген. Бірлестіктің мүшелері бірлігі жарасқан үлкен жанұя сияқты. Атаулы күндерді бірге тойлайды. Өзгенің мәселесін де өзіндікіндей көріп бірге шешеді екен. Бүгінде 1-ші маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жиналып отыр.

  Теңдік Сәрсекеева, СҚО “Асыл Ана” ҚБ төрайымы:
Барлық келген қонақтарымызды, аналар мен балаларды халықаралық балалар күнімен құттықтаймын.  

Олжас Нұрғалиев “Асыл ана” қоғамына осыдан сегіз жыл бұрын келді. Содан бері бірлестіктің  жұмысына белсене араласып жүр. Бүгін оның еңбегі жанып, марапатқа ие болды.

Олжас Нұрғалиев:
«Асыл Ана»  қоғамының маған бергені көп, түрлі мәселелерімді шешіп, білім алуға көмектесті. Мен де қоғамға өз көмегімді тигіземін. Спорттық жарыстарға қатысып жеңіс сыйлаймын, мәдени шараларда ән айтамын.

Ал биылғы 7 түлек өңіріміздің орта кәсіптік білім беру ордаларында тегін оқуға мүмкіндік беретін сертификаттарға ие болды.

Олжас Нұрғалиев:
 
Енді мен мемлекет есебінен Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің  студенті атандым. Жақсы білім алып, сенімді ақтауға тырысамын. Ондағы жинап түйгенім елімнің гүлденуіне қызмет етуіме көмегін тигізетініне сенімдімін.  

Салтанатты жиын бірлестіктің өнерлі жастары әзірлеген мерекелік концертке ұласты. Думанға өңіріміздің көпбалалы аналары да шақырылды. Күләш Ғалымова 7 баланың анасы. Бүгінде 70-ке келген Алтын алқа иегері ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. 11 немере мен 1 шөберенің  аяулы әжесі.

 Күләш Ғалымова,  көпбалалы ана:
– Немерелеріммен шақырғасын келіп отырмын. Жастардың өнерлері өте ұнады. Өнерлері өрге өссін. Осы жастар ғой елімсіздің болашағы.

Қалалық мәдениет үйінің өнер ұжымы да келе жатқан мерекемен құттықтап, ән мен биден шашу шашты.

Балалар:
– 1-ші маусым – Халықаралық балалар күнін асыға күтемін. Балалық кез ең бақытты шақтарымыз ғой. Бүгін бізге тамаша концерттік бағдарлама көрсетті, рақмет.
–  Өзімнің қатарластарым ән айтып, би билеп жақсы концерт қойды. Өте ұнады. Жақсы әсер алып, көңілім көтеріліп қалды.

Жеіңс Ермұқанов