Ауыл шаруашылығы

Егіс науқаны жалғасуда

 

 

Диқандар жиналған ылғалды жоғалтып алмас үшін  егу жұмыстарын екі кезекпен тәулік бойы атқарып жатыр. Бүгінде өңір агроқұрылымдары жоспардың 51,4 пайызын орындап қойыпты. Яғни шамамен 2 млн. 4 мың гектар жер игерілген.  Майлы дақылдар егу жұмыстары соңына таяп қалыпты. Оған қарастырылған 313 мың гектарының 288 мыңында тұқым себілді. Шаруашылықтар 26 мың 940 гектарға картоп отырғызды. Егу науқанына қажетті 7965 тонна минералды тыңайтқыш серіктестіктерге жеткізілді. Диқандар маңызды науқанды белгіленген мерзімде аяқтаймыз деп отыр.

Жеңіс Ермұқанов