Спорт

Солтүстікқазақстандық каратэ-дошылар жапондық шеберден тәлім алатын болды

 

Солтүстік Қазақстан облысының арнайы шақыруымен сонау Жапонияның Саппора қаласынан шығып, қазақ жеріне алғаш аяқ басқалы тұрған сэнсейді қарсы алу үшін вокзалға облыстық каратэ федерациясының бір топ өкілі жиналды. Жапондық қонаққа олар вагоннан түсісімен ұлттық дәм ұсынып, құрмет көрсетті. Мұндай жылы қабылдауды күтпесе керек, спортшы аздап таңғалып, ризашылығын білдірді.


 Сасаки Ташиатсу, каратэ-додан халықаралық “Мариошикай” ұйымының Президенті:
– Менің келгендегі мақсатым осы қаладағы каратэнің ұстаздары мен олардың шәкірттерін осы спорттың қыр-сырына үйретіп, барынша шеберліктерін арттыру. Осылайша қарсы алып жатқандарына өте ризамыз.

Сасаки Ташиатсу өткізетін семинарға халықаралық санаттағы төреші, каратэдан Сібір мен Қиыр Шығыстағы одақтың бас бапкері, Мирон Квон көмек көрсететін болады. Бұл екі шебердің сабағына Петропавлдың ғана емес, басқа облыстардың жас спортшылары да қатыспақ.

 Асхат Сақыпкереев, каратэ-додан СҚО федерациясының президенті:
-Семинарға басқа қалалардан келіп жатыр, Теміртау, Астанадан және Ресейдің бір қаласынан.

Мамырдың 24 – 26 аралығында өткізілетін 3 күндік семинарда шығыс жекпе-жегінің “шотокан” каратэ-до түрінің дәстүрлі техникасы үйретілмек.

 

Кәусар Аяпбергенқызы