Мәдениет

Мамырдың 24-і – славян жазуы және мәдениеті күні

 

 

 

 

1863 жылы Кирилл және Мефодий әулиелер күнін тойлау мерзімі нақтыланған болатын. Ол бұрынғы күнтізбе бойынша мамырдың 11-і, қазіргі күнтізбеде мамырдың 24-і аталып өтуі тиіс. Облыстық тарихи өлкетану мұражайы бұл мерекені ұмыт қалдырған емес.

Елена Гаврилова, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:
– Бұл көрмеде славян әліппесінің, әріптерінің шығу тарихын ғана емес, сонымен қатар славяндардың басқа да жазба-сызбаларын көрсеткіміз келді.  

Көрмеге қойылған әрбір зат славян халқының мәдениетінен, салт-дәстүрінен сыр шертеді, олардың ертедегі өмірін бейнелейді.  Сүлгілердегі өрнектелген оюлар да славяндардың жазбасы деп саналатын көрінеді. Көрмедегі құнды жәдігерлердің бірі – мұқабасы металлмен қапталған шіркеу кітабы.

Елена Гаврилова, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:
– Өкінішке қарай бұл кітаптың қашан және қалай біздің қорымызға түскені белгісіз. Бұл жәдігер көпшіліктің қызығушылығын тудырады. Оның сырты металлмен қапталған. Әдетте иленген жануарлар терісіне жазылған кітаптарды ғана осылайша қаптайтын.

Көрмені тамашалаған оқушылардың түйгені мол. Олар мұндағы жәдігерлерді көріп, мол мағлұмат алғанын айтып отыр. Көрме 15 мамырға дейін жұмыс істейді.

Айдана Демесінова