Спорт

Банк қызметкерлері арасындағы сайыс

 

 

 

 

Дәстүрлі жарыста 1 апта бойы 16 команда алтын кубок жолында бәсекелесті. Ақтық сайысқа жолдама алған Ұлттық  банк және Казкомерц банк ойыншылары 1 орынға таласса, Халық банкі мен және БТА ойыншылары қола жүлде үшін сынға түсті.

 Жомарт Қажырахымов,  ҚР Ұлттық банкі СҚОФ директоры:

-Биылғы жыл мерейтойлы жыл. Өйткені еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толып отыр және айтып өту керек, биыл Петропавлдағы 1-ші банк құрылғанына 140 жыл толып отыр. Бұл Қазақстандағы  алғашқы банк болатын. Біз жарысты  тәуелсіздік мерекемізге арнап отырмыз. Жарыстар өте тартысты өтті. Жылдан жылға ойыншылар өз шеберліктерін көтеріп келе жатыр.

Бас жүлде үшін бәсекелескен Ұлттық банк және Казкомерц банктерінің аяқдоп сүйерлері тартысты ойын көрсетті. Қайта-қайта бір-бірінің қақпасына доп жаудырып, шабуылдады.  Қызу ойын 3:3 есебімен аяқталды. Алайда жалпы ұпай саны бойынша Ұлттық банк құрамасы алға шықты. Бұл олардың қаржыгерлер арасында өткен шағын футбол тарихындағы 2-ші жеңісі.

Ақылбек Сармолдаев,  ҚР  Ұлттық банкі СҚОФ командасының қақпашысы:
-Былтырдан бері біз 1-ші орынды алып келе жатырмыз. Қарсыластарымыз мықты қарсылық көрсетті. Бірақ біздің балалар жақсы ойнап, 1-ші орын алдық.

Әдеттегідей жеңімпаздар сыйлықтарын балаларға таратып берді. Бірінші орынға берілген ноутбук 7-қысқы Азия ойындарына қатысқан Татьяна Сокиркоға табысталды. Екінші орында тұрақтаған Казкомерцбанк футболшылары принтерді Солтүстік Қазақстан облысының кәмелет жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығына тарту етті. Ал БТА банкінің қызметкерлері 3-ші орынды місе тұтты. Олар өз сыйлықтарын қазақ классикалық гимназиясына ұсынды. Ерлермен иық тіресіп, күш сынасқан қыздар құрамасында Ольга Щеголева үздік футболшы атанды.  

Ольга Щеголева, «Цеснабанк» АҚ қызметкері:
– Әрине, мұндайды күтпедім. Салауатты өмір салтын ұстанған дұрыс. Осылайша демалып, сергіп қалғанымыз қуантады.

Жанкүйерлер болса, өз командаларына қолдау көрсетіп, олардың әр жеңісіне риза болды.

 Жанкүйерлер:

– Бұл турнир маған өте қатты ұнады. Жігіттер барлық жан-тәндерімен ойнап, өз командасының абыройын сақтады.
– Бәрі де жақсы өтті. Бәрі ойдағыдай. Мен өзі Ұлттық банкте істеймін. Біздікілер ұтып алды. Соған қуаныштымын
– Ойын өте жақсы өтті. Біз Казкомерцбанкқа жанкүйер болдық. 2-ші орын, өте ризамыз.

Айдана Демесінова