Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

 

Еліміздің қылмыстық атқару жүйесінде жыл сайын 20-ға тарта жемқорлық фактісі тіркеледі екен. Ал солтүстікқазақстандық басқарма әлеуметтік кеселмен күрес жөнінен өзгелерге үлгі боларлықтай. Өңіріміздің қылмыстық атқару жүйесінде соңғы үш жылда көз қысты, бармақ бастылыққа қатысты оқиға тіркелмепті. Бұл оң көрсеткіштен айырылып қалмас үшін “Нұр Отан ХДП жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің мүшелері құзырлы органның мамандарымен жиі кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Бұл жолы 164/1 мекемесінің тергеушілері мен бақылаушыларына жемқорлықтың жетегінде кетудің соқпақты болатыны жайлы айтылды.

Фаиль Шайгатаров, “Нұр Отан ХДП жанындағы Петропавл қалалық жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің мүшесі:
– Елбасы жемқорлықпен аяусыз күресу керектігін әрдайым айтады. Себебі әлеуметтік кесел ел экономикасына нұқсан келтіріп қана қоймай халықтың мемлекетке деген сенімінен айырады. Пара беріп оны қалтаға басқандардың арасында делдал болушылар да қатаң жазаға тартылады. Әрбір азамат өз әрекетіне жауап беруі тиіс. Парақорлықпен жұмыла күрессек, нәтиже болады.  

Уақытша ұстау абақтысында жыл сайын 300-ге тарта азамат тергеледі. Көбі кінәларын жасыру мақсатында мекеме қызметкерлеріне пара беруге әрекет жасайды екен. Айыпталушылардың барлық әрекеті тек өздеріне қарсы шығып тұрады дейді 164/1 тергеу мекемесінің маманы Амангелді Есмағамбетов.

 Амангелді Есмағамбетов, 164/1 мемлекеттік мекемесінің маманы:
–  Мекемеде жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жеке құрам арасында семинарлардан басқа қызметтік дайындық бойынша ҚР жемқорлыққа қарсы заңдарын оқытамыз. Тергеу комнаталарында бейнекамералар тұр жемқорлыққа жол бермей, қызметкерлердің жұмысы ашық болу үшін.

Жемқорлықтың алдын алу шаралары өңіріміздің өзге де түзету мекемелерінде жақсы жолға қойылған.

 Жеңіс Ермұқанов