Мәдениет

“Менің Қазақстаным” фестивалі

“Менің Қазақстаным” фестивалі театр сахнасына нағыз отансүйгіш азаматтарды жинады. Шырқалған әндер мен орындаушылардың өздерін ұстау мәнері бұған айқын дәлел. “Алға, қазақ жігіттері” әнін   Петропавл әскери институтының курсанты Ерсұлтан Байбосынов.

 Ерсұлтан Байбосынов, ҚР ІІМ ІӘ ӘИ курсанты:
-Әскери қызметші болған соң бұл бізге жақын ән. Қазақ жастарының жігерін ояту үшін таңдадық.

Ал Айыртау ауданының жас өнерпазы Нұрлан Жұмабаев әскери борышын өтеп жүргенде оянған әуестігін жалғастыруда. Сондықтан патриоттық әндер Нұрланның жанына жақын.

Нұрлан Жұмабаев:

ен әскерде әрдайым ән айтатынмын. Бүгін “Офицеры” кинофильмінде орындалатын “От героев былых времён” әнін орындадым. Қарсыластарымның да мықты екендіктерін байқадым.

13 аудан мен қаладан жиналған әншілердің басым көбі жігіттер болғанмен қыздар да қарап қалмады. Шалақындық “Леди” тобы петропавлдық көрермен үшін тың туынды ұсынды.

Анастасия Криворучик:

-Біз өз жетекшіміздің әнін орындадық. Осы әнмен аудандық сайыста 1-ші орын алған болатынбыз, бұл жолы да жеңіске жетеміз деп ойлаймын.  

Отансүйгіш жастар шырқаған “Отан ана”, “Ана туралы баллада “,  «Огонёк» әндерін қалың көрермен сүйсіне тыңдады. Олардың қошеметтерінен бөлек фестиваль қатысушыларына диплом мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Кәусар Аяпбергенқызы