Құқық қорғау органдары

Тағы бір есірткі тасымалдаушы қолға түсті

 

 

 

 

305-ші “Бішкек-Свердловск” бағытындағы жолаушылар поезы  мамырдың 18-нен 19-на қараған түні Петропавл станциясының теміржол вокзалына аялдайды. Әдеттегідей теміржол нысаны талапқа сәйкес шекаралық және кедендік бақылау қызметкерлерінің тексерісінен өткен. Тінту барысында қырғыз азаматының аяғына жапсырылған жасыл түсті өсімдік тектес зат анықталды. Сараптама қорытындысы оның гашиш екенін көрсетті. Салмағы 1 келіден артық көкнәрді жасырын түрде Ресейге алып өтпек болған шетелдік енді бұл заңсыз әрекеті үшін 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

  Бауыржан Асылбеков, СҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының аға маманы:
Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалпы жыл басынан бері СҚО бойынша кедендік бақылау департаменті контрабандалық есірткі заттарының 7 фактісін анықтады. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 1122,387 грамды құрады.  

Жеңіс Ермұқанов