Қылмыс

Түзету мекемесіндегі оқыс оқиға

 

 

 

 

Келеңсіз жағдай мамырдың 18-інде таңертеңгілік  болған. Сотталғандар егелген сымның көмегімен денелерін жарақаттаған. Бұндай әрекетке барғандар мекеме әкімшілігіне ешқандай шағым, ұсыныстар жасамапты. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Қайрат Жанахметов, ЕС 164/3 түзету мекемесінің бастығы:
– Оларға медициналық көмек көрсетілді. Денсаулықтары қанағаттанарлық деп айтуға болады. Қазір біздің медициналық бөлімшеде жатыр. Себептерін айтады үйдегі жағдайларымыз жаман, әлі отыратын мерзімдеріміз бар, сондықтан өмір сүргілеріміз келмейді дейді.  

Жеңіс Ермұқанов