Құқық қорғау органдары

Әскери техника байқауы


 

 

 
Мұндағы көліктердің әрбірінің өз қызметі бар.
Қатал тәртіпті әскери өмірдің ажырамас бөлігіне айналған техника шұғыл әрекетке қашанда сақадай сай болуы тиіс. Сондықтан да жеңіл машина, медициналық жәрдем көрсететін көліктерден бастап, радиостанциямен қамтамасыз етілген, броньмен қапталған ауыр техниканың барлығы бүгешүгесіне дейін тексерістен өтті.

 

Данияр Рахметов, 6637 әскери бөлімнің авто-броньдалған танк қызметінің бастығы:
-Күнделікті біздің әскери бөлімнен машиналар оқу үрдістерімен, айдауылға, патрульге шығады.
Машиналар күнделікті міндетін атқаруға әзірленеді
. Кешкісін жүргізуші келесі күнге дайындап қояды.

Жастайынан темір тұлпарды серігі етіп алған Бақыт Сыздықов осымен 30 жыл бойы әскери техниканың тілін тауып жүр. Қандай болмасын көліктің құрылысын бес саусағындай меңгерген автомобиль ротасының взвод командирі қарамағындағы машиналардың жүрегі – қозғалтқышының өшпеуіне жауапты.

Бақыт Сыздықов,  автомобиль ротасының взвод командирі:
-Әскери техника дайын болу үшін оны үнемі бақылап отырған жөн. Біздің техника дайын, қандай оқиға болмасын біз қорықпаймыз.

Евгений Болтиков,  БТР-60 жүргізу бойынша нұсқаушы:
-Жүргізіп үйретуде біраз қиындық туындайды.
Ал құрылысы барлық техникадағыдай қарапайым. Баптап күту аса ауыр емес. 10 адамнан құралған бригада басқаратын броньдалған техниканың көмегімен суды кесіп өтуге болады.

Әскери бөлім
дегі техниканың жағдайын ҚР ІІМ ІӘ Комитетінің мамандары бағалады.  

Павел Филиппов, ҚР ІІМ ІӘ Комитетінің техника және қарулану басқармасының бастығы:
Тексеріс барысында біз ең алдымен техниканың жалпы жағдайын қараймыз. Оған қосалқы құрал-жабдықтардың баржоғы, құжаттардың сәйкестігі, жол ережесіне сай жарық, дыбыс белгілері секілді әзірліктер жатады.

Мамандар әскери көліктердің дайындығын жақсы деп бағалап отыр. Кейін қару-жарақ, оқ-дәрілер сыналатын болады.