Білім

Онлайн дәріс

 

 

 

Интерактивтік дәріс – гуманитарлық-техникалық колледждің жаңа конференц-залында өтіп жатқан алғашқы сабақ. “Қазіргі табиғаттану тұжырымдамасы” тақырыбындағы дәрісті бүгін физика-математика ғылымдарының кандидаты, Түмен мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Владимир Михеев оқып жатыр. Ал тыңдаушылар аталған жоғары оқу орнының сырттай бөлімінің студенттері мен гуманитарлық-техникалық колледж оқушылары.

Александр Мерк, Түмен мемлекеттік университетінің Петропавлдағы өкілеттігінің директоры:
үгінгі дәрістерді жоғарғы білікті оқытушылар, академик, ғалымдар оқиды. Сондықтан студенттер үшін бұл аз да болса білімдерін молайтудың жақсы мүмкіндігі. Мұндай сабақтар жиі өткізіліп тұрады деп ойлаймын.

Өткен жылы “Қызмет көрсету” мамандығына түскен 10 студент тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Дегенмен қаладан шет шығып, басқа елдерде білімдерін толықтыру әрбірінің қолынан келе бермейді дейді түмендік оқытушы Владимир Михеев. Бұл орайда интерактивтік байланыс көмекке келген.

  Владимир Михеев, Түмен мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі:
 -Мен үшін дәрістерді осындай ауқымды түрде, басқа студенттер үшін өткізу жаңашылдық. Бұл қаражат пен уақытты үнемдей отырып, сапалы білім берудің оңтайлы тәсілі деп ойлаймын және менің сабағымнан петропавлдық жастар өздеріне керек білімді алды деген сенімдемін.  

Бүгінде Түмен мемлекеттік университетінің Петропавлдағы филиалында 1000-ға жуық студент оқиды және тағы 2000-дай жас гуманитарлық-техникалық колледж негізінде білімдерін жалғастыруда. Сондықтан ресейлік мамандардан дәріс тыңдау біз үшін тамаша мүмкіндік дейді студенттердің өздері.

Айгүл Рахымова, Түмен мемлекеттік университетінің студенті:
Сабақ өте қызықты болды. Оған қоса біз оқытушыға кезкелген қосымша сұрақ қойып, жауап ала аламыз. Осындай тиімді сабақ үшін басшылыққа алғыс айтамын.
Сәния Айтқұлова
, Түмен мемлекеттік университетінің студенті:
Бүгінгі кездесу жақсы өтті, мен өте қуаныштымын.

Мұндай сабақтар алдағы уақытта жиі өткізілмек. Енді студенттер маркетинг тақырыбындағы дәрісті тыңдайды.

 Кәусар Аяпбергенқызы