ТЖ

Сауда дүңгіршігі өртенді

 

Өрт сақшылары оқиға орнына дереу жеткенімен кондитерлік өнімдерді саудалайтын дүңгіршікті сақтап қала алмады. Есік қақпай келген тілсіз жау қас қағым сәтте тез жанғыш құрылыс материалдарынан салынған азық-түлік  дүкенін толығымен жалмап үлгеріпті. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Құтқарушылар өршіген қызыл жалынның көрші орналасқан дүңгіршіктерге көшуіне  жол бермеді. Жапсарлай салынған сауда орындарының иелері тауарларын сыртқа шығарып үлгермек түгіл іргеден қауіп төнгенін де сезбей қалыпты.

 Наталья Герасимова, кәсіпкер:
– Біз әдеттегідей жұмыс жасап жаттық. Кенет студенттер дәл жанымдағы дүңгіршіктің отқа оранып жатқанын айтты. Мен қолыма леккен құралдар мен өнімдерімді сыртқа шығара бастадым. Әйтеуір мен үшін бәрі сәтті аяқталды.  

3-ші өртке қарсы күрес бөлімінің құтқарушылары жалынды санаулы минуттардың ішінде толығымен ауыздықтады. Бірақ кенеттен туып аз уақыттың ішінде үстемдік құрған өрт дүңгіршектің тек қаңқасын ғана қалдырып үлгерді. Алдын ала тексерулер көрсеткендей, от ошағы электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан пайда болған.

Жеңіс Ермұқанов