Денсаулық сақтау

Жас дәрігерлер аллеясы

 

 

 

Облыс басшысы қолға алған «20 игі іс» акциясы қаламызды жасыл желекке бөліп, көгалдандырудың оңтайлы тәсіліне айналатын түрі бар. Кондратов орман алқабында өсірілген  10 түп жас шыршалар енді №3 емхананың маңына сән беретін болды. Жас дәрігерлер осы арқылы бір оқпен 2 қоянды атпақшы. Бірі игі іс жасау, ал екіншісі…

 Әлия Тәшетова , № 3 емхананың бас дәрігері:
– Адам өмірінде 3 игі іс жасау керек, үй тұрғызу керек, бала тәрбиелеп, ағаш өсіру керек. Үйді оларға келгенде Серік Сұлтанғазыұлы берген болатын. Ұл-қыздары бар. Енді қалғаны ағаш өсіру болатын. Соны бүгін отырғызайын деп жатыр өз ұсыныстарымен.

Бұл ағаштардың иелері соңғы 3 жылда емхана құрамын толықтырған 10 жас маман. Астана медицина академиясын тәмамдап бірден Петрпавлға бағытталған Жұлдыз Қолдасбекованың шыршасы рет саны бойынша 7 ағаш. Мұны ол жақсы ырымға балап отыр.

 Жұлдыз Қолдасбекова, № 3 емхананың терапевт- дәрігері:
– Ойлаймын осы аллея сияқты біз де мамандық шыңында өсіп өркендейміз деп. Өзім баптап өсіріп, әр демалыста су құйып, оның өсуіне өз күшімді саламын.

Емхана ұжымы енді петропавлдықтарды келген беттен көрікті аллеясымен қызықтырып, сапалы қызмет көрсетпек. Ал «20 игі іс» акциясы әрі қарай қаланың келбетін сәндей беретін болады.

 Кәусар Аяпбергенқызы