Балалар

“Қауіпсіз доңғалақ”

«Қауіпсіз доңғалақ» жарысына келген жас инспекторлар үшін 11 тапсырма әзірленіпті. Әрбірін белгілі бір кезеңде орындау керек. Міне дәстүрлі саптық байқау. Полицейлер сайыскерлердің қызметтік киім-кешегі мен саптық адымын бағалауда. Сонымен бірге ұрандары мен жолда жүру ережелері туралы әндердің қалай орындалғанына да көңіл аударды. Ксения Зайнутдинова «Бэст» гимназиясының намысын қорғауға келген. Қыздың  мінезіне қарап, оны жас инспекторлар жасағының командирі етіп тағайындапты.  Оқушылар саптық дайындықтарын көрсеткенше, тәртіп сақшылары «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» сайысының алаңын дайындады. Бұл кезеңге 4 велошабандоз қатысты. Олар өз шеберліктерін көрсетуге тырысып бақты.

Қасиет Нұрлан, «Сирена» жасағының командирі, №9 мектеп:
– Біз көп дайындалдық. Көпшілігі қобалжып тұр, алайда бір-бірімізді қолдап, жәрдемдесіп жүрміз. 1-орын аламыз деп үміттенемін.

Қасиет Нұрлан, «Сирена» жасағының командирі, №9 мектеп:
– Біз көп дайындалдық. Көпшілігі қобалжып тұр, алайда бір-бірімізді қолдап, жәрдемдесіп жүрміз. 1-орын аламыз деп үміттенемін.

Мұндай кездесулер жыл сайын ұйымдастырылады. Полицейлердің айтуынша, бұл шаралардың жеткіншектерге берер пайдасы мол.

 Сағат Нұрмолдин,  қалалық ІІБ ЖПБ аға инспекторы:
– 2011 жылдан бастап Петропавл қаласында 6 жол оқиғасы тіркелді балалардың қатысуымен.  Балалар  жол ережелерін бұзбауды үйреуі керек. Сол үшін осы сайысты өткіземіз.

Жеңімпаз атанған жасақ маусым айының соңында Шал ақын ауданында өтетін облыстық сайысқа жолдама алады.

Айдана Демесінова