Құқық қорғау органдары

Анасын ұрып өлтірген…



Қайғылы оқиға Вознесенка селосында болды. Күдікті үйіне келгенде әкесі мен шешесінің ащы суға қызып отырғанын көрген. Бұған ашуланған ол мас күйдегі ата-анасын жазаламақшы болған. 

 Күдікті:

-Анам сегіз ай бойы арақ ішіп жүрді. Солай үйдегі бар заттарды, малды сатып жіберді. Әрі қарай мұндай қорлықты көргім келмеді, бірақ ақыр соңы осылай болатынын білген жоқпын. 

Ол алдымен әкесін ұрып-соққан, кейін анасына да қол көтереді. Бұдан соң сезікті Боголюбово селосындағы танысына кетіп қалған. Кешке үйіне келгенде баспанасының маңына жиылған тұрғындарды көрген.

 Күдікті:

-Көршілердің үйімнің алдында тұрғанын көрдім, олар анамның өліп қалғанын айтты. Бірақ мен кеткенде анам аман болатын.  

Әйелдің денесін кешке таман көршілері тауып, полицияға хабарлаған. Ол қабырғалары сынып, өкпесі зақымданғаннан көз жұмыпты. Қызылжар ауданының тәртіп сақшылары сезіктіні Петропавлда құрықтады. Күдікті облыс орталығында тұратын туыстарында жасырынбақшы болған.

 Әлия Жүсіпова, Қызылжар АІІБ-нің тергеушісі:
– Қазіргі кезде бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Айдана Демесінова