Құқық қорғау органдары

Жолдағы қауіпсіздік

 

 

 

 

 

 

Халықаралық акцияны қолдаушы оқушы, студенттер, білім, денсаулық сақтау және күш құрылымдарының өкілдері М. Қозыбаев атындағы СҚМУ алдына ертемен жиналды. Бәрінің мақсаттары мен айтар сөздері ортақ: әрқашан жолда жүру ережесін қатаң сақтау қажет.

  Болат Дүйсенов, СҚО ІІД ЖПБ бастығының орынбасары:
-Акция өте маңызды. Облысымызда 4 айда 66 жол апаты болып, 9 адам қаза тапты. Әрбір төртіншісі жас бала.  

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, жыл сайын жол апаттары миллиондаған адамның өмірін қияды. Оның біршама бөлігі –  жастар. Сондықтан мұндай маңызды шарадан әсіресе  жастар шет қалмақ емес.

  Марина Носова, СҚМУ студенті:

-Мен өзім жүргізушімін әрі жаяу жүргіншімін. Сондықтан жолдағы қауіпсіздікке көп мән беремін. Осындай шараларды жиі өткізіп тұру қажет. Себебі бұл жайында көбі ұмытып та кетеді.

Ал мына жол қозғалысының жас инспекторлары барлық ережелерді жатқа біледі. Бүгін білімдерін басқа оқушылармен бөлісудің мүмкіндігі туды.
Балалар бұл мәселенің маңыздылығын түсініп, әр оқушыны мұқият тыңдады. Сондықтан алдағы уақытта жолдағы апатты жағдайлар саны кемиді деп сенуге толық негіз бар. Шараға облыстық қан орталығының мамандары да үлес қосып, жылжымалы қан тапсыру құрылғысын ала келіпті. Қалаған әр адам алдымен медициналық тексерістен өтіп, сараптама жасады. Алғашқылардың қатарында қан тапсырғандардың бірі – жол полициясының инспекторы Сәбит Шәйкенов.

Сәбит Шәйкенов, СҚО ІІД ЖПБ жол полициясы инспекторы:
-Біз әріптесім екеуіміз жылда қан тапсырамыз. Бүгін орталыққа бармай, нақ осы жерде тапсыруға болатыны жақсы болды.
Өз қанымен басқаның жанын сақтап қалуға студенттер де ниет білдірді. Константин Грибовский емтиханнан шығып бірден осында келіпті. Қайырымдылық жасау үшін уақыт әрқашан табылады дейді студент.

  Константин Грибовский, СҚМУ студенті:
ен жиі қан тапсырамын. Меніңше, бұл аса маңызды іс. Өзімнің де денсаулығым жақсарады, басқаға да көмектесемін.  

Бұл күні акция Қазақстанның барлық аймақтарында өтуде.

Кәусар Аяпбергенқызы