Мәдениет

Жеңіс мерекесі отшашумен аяқталды

 

 

 

 

 

9 мамырды ұлықтау салтанаты “Ұлы Жеңіс әндерін құрметтейік” мерекелік бағдарламасымен жабылды. «Когда мы были на войне», «Синий платочек», «Военная пляска», «.Темная ночь», «В землянке» – ардагерлердің  соғыс жылдарындағы сүйікті әндері бүгін де маңызығын жойған емес. Жеңіс әндерін жастар да ұйып тыңдады.  “Баллада о матери” әнін  орындаған Лаура Күрлеуітова баласын сарғая күтіп отырған ана махаббатын ерекше тебіреніспен жеткізе білді.

  Лаура Күрлеутова, әнші:

-Бізге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге алғысымыз шексіз. Мәңгі- бақи батыр аталарымызды құрметтеп, ерліктерін үлгі тұтып өтеміз. Біз үшін Ұлы жеңіс мерекесіне атсалысу зор мәртебе.  

Сұрапыл соғыс еліміздегі әр отбасының өмірінде өз ізін қалдырды. Біреуінің әкесі, енді біреулерінің ата-әжесі Ұлы жеңіске жету жолында өз үлестерін қосты. Кеуделерін мақтаныш пен шаттық кернеген қауымды облыс орталығының өнер ұжымдары ұсынған концерт бей-жай қалдырмады. Әсем ән мен тәтті күй мерекелік от шашуға ұласты.

 Жеңіс Ермұқанов