Мәдениет

Жеңіс әндері

«Катюша», «Жеңіс күні», «Әлия». Жалғастыра берсек, бұл ұлы күнді, арайлы мерекені жырлаған әндер жетерлік. Мамырдың  9-ы  күні олар әлемнің әр түкпірінде, сан түрлі тілде шырқалатын болады. Бірақ баланың үнімен орындалатын ән ерекше. Ол әнде патриоттық сезімнің асқақтығы байқалады. Соның бірін Айыртау ауданынан келген Абылай Оразғалиев шырқады.

 Абылай Оразғалиев, Айыртау ауданы, Саумалкөл қазақ орта мектебі:
– Мен өзім айтқан өлеңді жақсы көремін. Мұғаліміммен оны көп дайындадым. Соны орындау үшін сонау Айыртау ауданынан келдім.

Ал «Алуа» би тобының бүлдіршіндері заманауи бидің сан түрін ұйқастырып, көрерменнің көңілін аулады.
Биыл екінші мәрте өткізіліп отырған  «Салют Победе!» фестиваліне әр өнер ұжымы өзіндік тартуын ұсынды. «Мерей» өнер мектебінің домбырашылар ансамблі күйдің сазын келтірді.

 Серік Берденов, «Мерей» өнер мектебі, Қызылжар ауданы:
 –  Ұлы Жеңіс –  ең маңызды мереке. Өз атымнан ардагерлерді құттықтаймын.
Бүгін орындаған күйді соларға арнадық.

Фестивальдің шымылдығы Ұлы Жеңістің бар шаттығын сездіріп, үлкен-кішінің көзіне қуаныш ұялатар тамаша әнмен жабылды.

Кәусар Аяпбергенқызы