Құқық қорғау органдары

Полицияға қол көтерген ресейліктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

 

 

 

 

Мамырдың екісі таңғы сағат 6-да жол сақшысы Әуезов пен Бөкетов көшелерінің қиылысында жолдың қарсы бетіне шығып кеткен көлікті тоқтатқан. Тексеру барысында жолда жүру ережесін өрескел бұзған ресейлік азаматтың рөлге мас күйде отырғандығы анықталды. Бұл аз болғандай кінәсін мойындағысы келмеген шетелдік инспекторға күш көрсетуге дейін барған. Жол сақшысы ауыр соққылардың салдарынан басынан жарақат алды. Петухово қаласының 26 жасар тұрғыны уақытша ұстау абақтысына жабылған. Ал көлігі айып тұрағына жеткізілді.  

  Спартак Кабденов, СҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы:
– Қазір бұл фактіге қатысты ҚР ҚК 321-бабының үшінші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Үкімет адамына қызмет үстінде күш көрсеткені үшін ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

 Жеңіс Ермұқанов