Әр түрлі

Алдағы жылдан бастап ЖСН қажет болады

 

 

Салық төлеушінің жеке нөмірі биылдан-ақ сәйкестендіру нөміріне алмастырылуы тиіс еді. Бірақ азаматтардың барлығы құжаттарын ауыстырып үлгермегендіктен бұл өзгеріс келесі жылға қалдырылды.

 Жібек Клюкова, СҚО Салық департаментінің бас маманы:
– Салық Кодексінің 46-бабы бойынша салық төлеушінің нөмірі барлық құжаттарда 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін жүргізіледі. Қазіргі уақытта сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі бірге еріп жүр.

Сәйкестендіру нөмірінің, көпке түсінікті тілмен айтқанда ИИН-нің,  салық төлеуші нөмірінен артықшылығы  ол жеке берілмей, төлқұжатқа енгізіледі. 12 саннан тұратын нөмір фотосуреттің астында оң жақ тұста орналасуы тиіс. Сондықтан сәйкестендіру нөмірі жазылмаған төлқұжаттарды жедел ауыстыру қажет.

 Жібек Клюкова, СҚО Салық департаментінің бас маманы:
– 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін жеке және бизнес сәйкестендіру нөмірлері жоқ жеке, заңды тұлғалар өздерінің салық міндеттерін атқара алмайды. Салық төлемдері де түспейді, ақшаларын аудара алмайды.

Заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге жеке нөмірден бөлек бизнес-сәйкестендіру нөмірі беріледі.

Кәусар Аяпбергенқызы