Әр түрлі

Кеден 4 айды қорытындылады

 

 

 

 

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері кеденшілердің нәтижелі жұмысының арқасында ел қазынасына 705 миллион теңге түскен. Сондай-ақ кедендік төлемдер мен шартты түрде шығарылған тауарға белгіленетін салықтың түсімі 52 миллион теңгені құраған. Кеден одағына кіретін елдер – Ресей, Белоруссиямен арадағы саудадан 240 миллион теңге жиналған. Есірткі заттарын алып өту және салық пен кедендік төлемдерден жалтарғандарға қатысты 4 қылмыстық іс қозғалған. 193 әкімшілік іс тіркелді. Айыппұл көлемі 1 миллион теңгеден асып жығылған.

Әсем Рахметова