Энергетика

Жылу жүйесін кең көлемді жаңарту көзделіп отыр

 

 

 

 

 Инвестициялық бағдарлама аясында № 2 жылу- электр орталығының қазандықтары мен турбоагрегаттарын жаңартуға 19 миллиард 1млн теңге бағытталады.

  Виктор Бармин, «№2 жылу-электр орталығы» ЖШС директоры:
-Негізгі құрылғыларды   жаңартатын боламыз. Қоршаған ортаға зиянды газдың, күкірт қалдықтарының шығуын азайтуды да көздеп отырмыз.

№ 2 жылу- электр орталығында 12 қазандық бар. 5 жылдан кейін олардың 3-уі толық жөндеуден өтетін болады. Сонымен қатар 2 жаңа турбина іске қосылады. Демек, жұмыс сапасы да біршама артады

  Игорь Татаров, «СевКазЭнерго» АҚ басқарма төрағасы:
– Заманға сай қондырғылардың арқасында өндірілетін энергияның көлемі әлдеқайда артады. Автоматтандырылған құрылғылар қызметкерлердің жұмысын да жеңілдетеді. Олар бар мәліметті қазандықта орналасқан тетікке барып қарамай- ақ компьютерден  көре алады.

Петропавл қаласының жылу жүйелерің жаңғырту үшін 2 миллиард 405 миллион теңге бағытталмақ. Бұл үрдіс 5 жылдың ішінде аяқталуы тиіс.

  Андрей Калиничев, «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС директоры:
– Жылумен қамтамасыз ету жүйесі тозды, тарифтер шығынды жаппады. Сондықтан да «Орталық Азия электроэнергиялық корпорациясы» АҚ  мен Европа қайта құру және даму банкінің арасындағы келісімге  сәйкес қарыз алуға бел будық.

2011-2015 жылдар аралығында «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС  қайта құру және жаңғырту бағдарламасы бойынша 5 жобаны жүзеге асырмақ. Яғни осы уақыт аралығында мекеме магистральдық және таратушы жылу желілерін қайта құру, жылу   құбырларын ауыстыру, орталықтандырылған жылу пункттерінің технологиялық үрдістерін жаңарту,   жылу энергиясын коммерциялық есептеу жүйесін автоматтандыруды көздеп отыр. Осы жоспардың іске асуы қаланы жылумен қамтамасыз етуге жұмсалатын энергия шығынын төмендетеді. Сондай-ақ қоршаған ортаға тигізетін зияны да азаяды.

Айдана Демесінова